Ақпараттық технологиялар орталығы
Мақсаты: «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының инновациялық дамуын қамтамасыз ететін озық және тұрақты цифрлық экожүйені құру
Негізгі міндеттер:
- Өндірістік үдерістер мен шығындарды оңтайландыру;
- QazaqGaz компаниялар тобында цифрландыруды жеделдету;
- Заманауи технологияларды енгізу.
Негізгі жобалар:
1. Bilim QG оқу платформасын дамыту:
- Оқумен қамтуды 5000+ қызметкерге дейін арттыру;
- Техникалық мамандарға арналған арнайы курстар әзірлеу;
- Үлгерімді автоматты есепке алу үшін HR-жүйемен интеграция;
- Геймификация мен мотивация жүйесін енгізу.
2. GeoQG ақпараттық жүйесін жетілдіру:
- Барлық геологиялық деректерді (100%) жүктеуді аяқтау;
- Жасанды интеллект негізінде аналитикалық модуль әзірлеу;
- Сыртқы геологиялық барлау дерекқорларымен интеграция;
- Машинамен оқытуға негізделген кен орындарын болжау құралдарын әзірлеу.
3. ҰКТ корпоративтік порталын кеңейту:
- Электрондық құжат айналымын енгізу;
- Ішкі жобаларды басқару модульдерін әзірлеу;
- Бизнес-процестерді автоматтандыру (электрондық қолтаңбалар, құжаттарды келісу);
- HR және ERP жүйелерімен интеграция.
4. ҒЗТКЖ жобасы: QG кен орындарын цифрландыру:
- Кен орындарының цифрлық егіздерін жасау;
- Деректерді жинау және талдау үдерістерін автоматтандыру;
- Жасанды интеллект технологияларын дамыту.
5. QG электрондық құжат айналымы жүйесін қолдау:
- Жүйені жаңарту және өнімділікті арттыру;
- Құжаттарды өңдеуді жеделдету және қағаз құжат айналымын азайту;
- Корпоративтік деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз ету;
- Интерфейсті және пайдаланушылардың жұмысын жеңілдету.
6. SAP FC/IC жүйесін қолдау:
- QG тобы бойынша жүйені оңтайландыру және қолдау;
- Басқа қаржылық жүйелермен интеграция;
- Аналитикалық мүмкіндіктерді дамыту;
- Қаржылық ақпаратқа қолжетімділікті бақылау және деректерді қорғауды күшейту.
Департамент командасы

Смаилов
Даурен Амангельдыевич

Тунельдиков
Талип Нурланович

Рахимбаева
Сандугаш Шадибековна

Федоров
Евгений Евгеньевич

Байгазиев
Санжар Нуржанович

Рахым
Диас Алмазұлы

Дуйсенов
Думан Жакенович