Astana IT University студенттері QazaqGaz еншілес ұйымдарында кәсіби тәжірибеден сәтті өтті
Astana IT University студенттері «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС мен «QazaqGaz Аймақ» АҚ секілді QazaqGaz-дың еншілес ұйымдарында кәсіби тәжірибені сәтті аяқтады. Тәжірибе QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер атқарылған жұмыстар туралы есептерін қорғап, өз нәтижелерін таныстырды. Қорғау барысында тәжірибе жетекшілері студенттердің даярлық деңгейін және олардың жұмысқа белсенді қатысуын жоғары бағалады.