Баспасөз орталығы
QazaqGaz қызметкерлері Eni Corporate University ұйымдастырған кезекті оқудан өтті
3-7 қараша аралығында Астана қаласында QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері үшін «Project Economic Evaluation & Cost Management of O&G projects» атты курс бойынша оқу өткізілді. Оқыту Eni Corporate University мен «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-нің бірлескен ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Бағдарлама мұнай-газ саласындағы жобаларды экономикалық бағалау, сондай-ақ жобалық шығындарды басқару және бақылау салаларында қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқу аяқталған соң сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті, онда Agip Karachaganak компаниясының адами капиталды дамыту департаментінің басшысы Андреа Матараццо құттықтау сөз сөйледі.

Курс аясында қатысушылар инвестицияларды қаржылық және экономикалық тұрғыдан бағалаудың негізгі тәсілдерін, сондай-ақ PMBOK стандарттарына сәйкес жоба шығындарын басқару әдістерін меңгерді.

Курсты іске асыру QazaqGaz қызметкерлерінің құзыреттерін нығайтудағы маңызды қадам болып, компания жүзеге асырып жатқан жобалардың экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға ықпал етті.