Баспасөз орталығы
QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы SPE 2025 Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесіне қатысты
2025 жылғы 25-27 қараша аралығында Баку қаласында Каспий өңірі елдері мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұнай-газ саласының жетекші мамандарын біріктірген SPE Annual Caspian Technical Conference халықаралық конференциясы өтті.

QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы ЖШС Ғылым мен инновацияларды дамыту департаментінің бас жобалық менеджері, PhD докторы Айнура Жансеркеева Innovations in Geoscience секциясында негізгі баяндамашы ретінде «Қазақстандағы газды жерасты сақтау жүйесінің геологиялық аспектілері: қазіргі жағдайы мен перспективалары» (Geological Aspects of Underground Gas Storage in Kazakhstan: Current State and Perspectives) тақырыбында баяндама жасады.

Аталған жарияланым QazaqGaz ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы - «Интергаз Орталық Азия» АҚ газды жерасты сақтау объектілерін пайдалану департаментінің менеджері Венера Турмухамедовамен бірлесіп, газды жерасты сақтауды геологиялық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды апробациялау шеңберінде дайындалды.

SPE халықаралық конференциясының ұйымдастырушылары QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы ЖШС-нің іс-шараны өткізуге белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс хатпен атап өтті.

SPE секілді халықаралық деңгейдегі ғылыми-техникалық конференцияларға қатысу QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы ЖШС-нің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға және газды игеру, бұрғылау мен жерасты сақтау салаларында құзыретті салалық орталық ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.