Баспасөз орталығы
QazaqGaz қызметкерлері командадағы эмоционалдық интеллект бойынша мастер-класстан өтті
12 маусым күні Оқу үдерісін сүйемелдеу департаментінің ұйымдастыруымен «Командадағы эмоционалдық интеллект: өзіңді басқару және тиімді әрекеттесу» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Іс-шараға «QazaqGaz» ҰК» АҚ және «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Мастер-классты «International Academy of Emotional Intelligence» ЖШС директоры, эмоционалдық интеллектті дамыту бойынша EACIEP сертификатталған жаттықтырушысы Асель Муратова жүргізді.

Қатысушылар эмоционалдық интеллекттің негізгі компоненттерін талқылап, команда ішіндегі мінез-құлық үлгілерін саралады. Мастер-класс интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл EQ дағдыларын дамыту команда тиімділігі мен жеке тұрақтылықты арттыруда маңызды екендігін көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың алған білімдерін практикалық кейстер мен топтық жаттығулар арқылы бекіту мақсатында қосымша тәжірибелік сессия өткізу туралы шешім қабылданды.