Баспасөз орталығы
«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС - де зейін мен жадты басқару бойынша практикалық мастер-класс өтті
Бүгін «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС - де “Бизнес жылдамдық пен айқындықты талап еткенде, зейін мен жадты қалай басқаруға болады?” тақырыбында практикалық мастер-класс өтті.

Іс-шараның спикері - зияткерлік пен есте сақтауды дамытуға бағытталған IQ007 мектептер желісінің директоры және франчайзері, зейін, есте сақтау және ойлауды дамыту әдістемелері бойынша сертификатталған тренер Альфия Кидришева болды.

Мастер-класс барысында қатысушылар тәжірибе жүзінде зейіннің шоғырлану деңгейін, зейінді алмастыру қабілетін, жадтың жұмысын, функционалды сауаттылықты, сондай-ақ ойлау икемділігін тексерді. Сонымен қатар, ақпаратты бірінші реттен есте сақтаудың практикалық әдістері және жоғары интеллектуалдық стресс жағдайында ойлау айқындығын жақсартуға бағытталған тәсілдер таныстырылды.

Өткізілген мастер-класс қатысушыларға назар мен жадты басқару мәселелерінде саналы көзқарасты арттыруға және күнделікті кәсіби қызметте тиімділік пен орындалатын міндеттердің сапасын жақсарту мақсатында қолдануға болатын практикалық құралдарды меңгеруге мүмкіндік берді.