Баспасөз орталығы
QazaqGaz ҒТО Халықаралық Бейжің конференциясына қатысты
2025 жылдың 8–10 сәуірі аралығында Бейжіңде Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) мен Қытайдың мұнай мен газды сақтау және тасымалдау жөніндегі комитеті ұйымдастырған 8-ші Қытай халықаралық мұнай-газ құбырлары конференциясы және технологиялық жабдықтар мен жетістіктер көрмесі (CIPC-2025) өтті. Конференцияға 500-ден астам компания мен 30-дан астам елдің делегациялары қатысты. Іс-шара құбыр инфрақұрылымын дамыту саласындағы тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.

Конференция аясында қытайлық серіктестермен техникалық стандарттау мен шешімдерді жергіліктендіру мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланған жұмыс кездесулері өтті.

«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Техникалық саясатты дамыту және стандарттау департаментінің директоры Газиз Исаев «Техникалық реттеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесі» атты жеке баяндамасымен сөз сөйледі. Оның баяндамасы конференция қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.