Оқыту екі ағымда өтті, бұл көптеген мамандарды қамтуға және материалды тиімдірек игеруге мүмкіндік берді. Бағдарлама барысында қызметкерлер ups Entertronic үздіксіз қоректендіру жүйесімен жұмыс істеу туралы теориялық білім алды, сондай-ақ мынадай қондырғыларды: THYROTRONIC типті тиристорлық түзеткіштерді, tebechop 3000 se модульдік түзеткіштерін, INVERTRONIC инверторлық жүйелерін және MCU 3000 контроллерін пайдаланудың теориялық және тәжірибелік дағдыларын игерді.
Қызметкерлердің кәсіби дағдыларын дамыту «QazaqGaz» АҚ компаниялар тобының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Өткізілген оқытудың арқасында «Интергаз Орталық Азия» АҚ мамандары өз біліктіліктерін арттырып, қосымша құзыреттерге ие болды, бұл оларға жабдықтың жұмысын тиімдірек басқаруға және оның сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.