Құжат терең талдау жүргізуді және жоғары деңгейде қайтара бөлінетін көмір-химия өнімдерін өндіру тұжырымдамасын, сондай-ақ синтез-газды алу технологиясын әзірлеуді көздейді. Тараптар қытайлық серіктестің озық технологиялық шешімдері мен тәжірибесіне сүйене отырып, елдегі көмір химиясы өнеркәсібінің даму әлеуетін зерделейтін болады.
Sinopec Guangzhou Engineering Co., Ltd. (GPEC) - Sinopec Engineering Co., Ltd. (SEG) компаниясының еншілес кәсіпорны. Гонконг қор биржасында (HKEX) тіркелген жетекші қытайлық инжинирингтік компания. Негізі 1956 жылы қаланған. Қытайдың 31 әкімшілік бірлігін қамтитын және ұлттық мұнай өңдеу қондырғыларын жобалау нарығының шамамен 50%-ын алып жатқан GPEC компаниясы осы күнге дейін мұнай-химия және көмір химиясы өнеркәсібінде 1000-нан астам ауқымды жобаларды жүзеге асырған.