Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының бастамасымен және «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен өткізілді. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамыту, патриотизм құндылықтарын насихаттау және табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру.
Ағаш отырғызуға еліміздің барлық өңірлерінен келген ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысты.
«Ғылым аллеясы» QazaqGaz бен ғылыми қауымдастықтың экологиялық бастамаларды ілгерілетудегі және Қазақстанның жасыл болашағын қалыптастырудағы серіктестігінің нышанына айналды.