Фестиваль барысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ қызметкерлері газ тарату бекеттерінде таныстырылымдар өткізіп, газ саласының даму перспективалары туралы айтып берді. Олар сондай-ақ жұмысшыдан басшылық лауазымға дейінгі мансап жолындағы жеке тәжірибелерімен бөлісіп, өз мамандықтары аясында адам өмірін құтқару оқиғаларын баяндады.Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен студенттерге полиэтилен құбырларын дәнекерлеу бойынша шеберлік сабақтарына қатысу және «Мен газ туралы не білемін?» викторинасында білімдерін сынап көру мүмкіндігі ұсынылды. Бұл шеберлік сабақтарын «QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығының» ЖШС өндірістік оқыту шеберлері – Нұрлан Алтыбаев пен Батима Асқарова өткізді. Фестивальдің ең белсенді қонақтарына «QazaqGaz»-дың арнайы естелік сыйлықтары табысталды.
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысу – жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға және газ саласының қоғам өміріндегі маңыздылығын көрсетуге бағытталған компанияның маңызды бастамаларының бірі болды.