Баспасөз орталығы
Астанада QazaqGaz қызметкерлері «Risk Management in O&G Development Projects» курсы бойынша оқудан өтті
2025 жылғы 13-17 қазан аралығында Астана қаласында QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері Eni Corporate University ұйымдастырған «Risk Management in O&G Development Projects» курсы бойынша оқудан өтті. Іс-шара «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-нің қолдауымен өткізіліп, мұнай-газ саласындағы тәуекелдерді басқару процестерін тереңдетіп зерделеуге бағытталды.

Бағдарлама аяқталған соң сертификаттарды табыстау рәсімі өтті. Іс-шара барысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Тәуекелдерді басқару департаментінің директоры Әділжан Нұғманов және Agip Karachaganak BV компаниясының Адами капиталды дамыту департаментінің жетекшісі Андреа Матараццо сөз сөйледі.

Курс аясында тыңдаушылар тәуекелдерді басқарудың заманауи әдістері мен құралдарымен танысып, халықаралық тәжірибелер мен тиімді әрекет ету стратегияларын қалыптастыруға арналған тәсілдерді зерделеді.

Оқыту бағдарламасы дәрістерді, практикалық жаттығуларды, кейстерді талдауды және топтық талқылауларды қамтыды. Бұл қатысушыларға теориялық білімдерін бекітіп, оларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берді.

Курс жобаларды және тәуекелдерді басқару саласында базалық білімдері бар, осы бағыттағы тұжырымдамаларды, процестер мен құралдарды тереңірек түсінуді мақсат еткен басшылар мен мамандарға арналған.

Аталған оқу QazaqGaz қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін арттыру мен компания қызметінде тәуекелдерді басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.