«QazaqGaz» АҚ қызметкерлері жобаларды басқару және портфолио бойынша оқыту курсын аяқтады
«QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС көмегімен Eni компаниясымен келісім шеңберінде ұйымдастырылған жобаларды басқару және портфолио бойынша курстың екінші ағыны сәтті аяқталды.Бұл курс ағымдағы жылдың соңғы легі болып, қатысушыларға заманауи жобаларды басқару әдістерін меңгеруге, негізгі кәсіби дағдыларын жетілдіруге және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Бес күндік интенсив барысында қызметкерлер жобаларды басқарудың озық тәжірибелерімен танысып, оларды іс жүзінде қолдануға қажетті білім алды. Бұл курс қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған стратегиялық бастаманың маңызды бөлігі болып,«QazaqGaz» АҚ мен Agip Caspian Sea арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етті.