Баспасөз орталығы
QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы мен «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттары мен салалық хакатонды дайындау мәселелерін талқылады
QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы мен «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС-нің барлау және өндіру блогы өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс кездесуінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру тетіктері мен өзекті технологиялық сын-қатерлер талқыланды.

Тараптар қолданбалы міндеттерді жүйелі түрде тұжырымдаудың маңыздылығына және ҒЗТКЖ-ны жоспарлаудың бастапқы кезеңдерінде өндірістік бөлімшелерді тартудың қажеттілігіне ортақ көзқарас білдірді.

Негізгі шешімдердің бірі ретінде QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығының Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе бастамашылық еткен салалық хакатонды дайындауға «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС-нің қатысуы келісілді.

Аталған хакатон нақты өндірістік сұраныстарға жауап ретінде инновациялық шешімдерді, соның ішінде IT-әзірлемелерді табуға бағытталған.

Алдағы уақытта хакатонға шығарылуы мүмкін технологиялық міндеттерді жинау және алдын ала талқылау мақсатында салалық мамандардың қатысуымен жұмыс сессиясын өткізу жоспарлануда.