Баспасөз орталығы
QazaqGaz қызметкерлері Solar Turbines семинарына қатысты
2025 жылғы 18 - 19 қарашада Астана қаласында Solar Turbines компаниясы QazaqGaz компаниялар тобының газ тасымалдау және энергетика саласының өкілдеріне арналған техникалық семинар өткізді. Қошемет сөзінде Solar Turbines-тің өңірлік және халықаралық менеджерлері жергілікті экспертизаны дамыту маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында қатысушыларға Solar Turbines-тің негізгі шешімдері таныстырылды: центрифугалық компрессорлар, газ турбиналары, модульдік станциялық кешендер, сондай-ақ газқұбырларын жүйелі талдау мен өнеркәсіптік электр энергиясын генерациялаудың заманауи тәсілдері. Жеке блок сервистік мүмкіндіктер мен клиенттерді қолдаудың кеңейтілген бағдарламаларына арналды.

Іс-шара «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-нің қолдауымен өтті және тәжірибе алмасу, техникалық мәселелерді талқылау және Solar Turbines пен QazaqGaz компаниялар тобы арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді алаң болды.