Баспасөз орталығы
«QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС қызметкерлері QG Games-ке қатысты
20 наурызда, «Наурызнама» бағдарламасы аясында Ұлттық спорт күніне орай «QazaqGaz» компаниялар тобының қызметкерлері арасында QG Games турнирі өтті.

Жарыстың бастамашылары QG Runners жүгіру клубы мен «QazaqGaz» Жастар кеңесі болды. Қатысушылар асық ату, ләңгі, арқан тарту және бес тас сияқты қазақтың дәстүрлі ойындарында өзара сайысқа түсті.

«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығының» ЖШС қызметкерлері турнирге түрлі еншілес ұйымдардың өкілдерінен құралған құрамалармен қатысып, жарыс қорытындысы бойынша алтын және қола жүлдеге ие болды.

Жеңімпаздарды «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов марапаттап, қатысушыларға естелік медальдар табыстады.

QG Games турнирі корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігіне айналып, қызметкерлерді салауатты өмір салты мен ұлттық мұраны дәріптеу төңірегінде біріктірді.