Баспасөз орталығы
QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мотивациялық кездесуін ұйымдастырды
2025 жылғы 21 сәуірде «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы шеңберінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласындағы №75 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру лекциясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы — QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы.

Оқушылармен кездесуге «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральды газ құбырлары мен компрессорлық станциялар эксплуатациясы департаментінің бас менеджері Ерлан Сұлтангазин келді. Лекция барысында ол компанияның қызметі туралы ақпарат беріп, газ саласындағы жұмыс ерекшеліктері мен кәсіби даму перспективалары жайлы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, ол келесі жұмысшы мамандықтар туралы айтып өтті: құбыр желісінің слесары, технологиялық компрессорлар машинисі, қондырғыларды жөндеу және бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесарьлар.

Ерлан Сұлтангазин өзінің еңбек жолы туралы да бөлісті – жұмысшы мамандықтан бастап бас менеджер лауазымына дейінгі кәсіби өсу жолы жоғары сынып оқушылары үшін шынайы шабыт көзі болды.