Баспасөз орталығы
QazaqGaz қызметкерлері EPC-жобаларын басқару, жоспарлау және мониторинг жүргізу бойынша оқудан өтті
2025 жылғы 15-19 желтоқсан аралығында Астана қаласында QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері ENI Corporate University ұйымдастырған, «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-нің қолдауымен өткен «IPMA бойынша жобаларды басқару және EPC-жобаларын жоспарлау, мониторинг және бақылау» атты бес күндік оқу курсына қатысты.

Курстың мақсаты жобаларды басқарудағы IPMA тәсілін зерделеу, жобаларды табысты іске асыруға қажетті негізгі тұжырымдамалар мен процестерді меңгеру, сондай-ақ ірі жобаларды жоспарлау, мониторинг жүргізу және бақылау бойынша практикалық дағдыларды игеру болды.

Аталған оқудан өту QazaqGaz қызметкерлеріне жобаларды басқару саласындағы біліктілігін арттыруға, сондай-ақ EPC-жобаларын стратегиялық жоспарлау, бақылау және іске асыру дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.