«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС қызметкерлері қысқы Спартакиадаға қатысты
20-22 ақпан аралығында Астанада «QazaqGaz» ҰК» АҚ қысқы Спартакиадасы өтті, оған компанияның және оның еншілес ұйымдарының 200-ге жуық қызметкері жиналды. Қатысушылар спорттың 9 түрінен бақ сынасты.
«QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы «QazaqGaz Барлау және Өндіру» командалық ойындарда айтарлықтай жетістікке жетіп, волейболдан екінші орын алды.
Сондай-ақ, ғылыми-техникалық орталықтың қызметкерлері тамаша жеке нәтижелер көрсетті:
- Корпоративтік басқару департаментінің менеджері Әділ Қапжапаров тоғызқұмалақ ұлттық ойынында алтын медаль иегері атанды.
- Техникалық саясат және стандарттау департаментінің жетекші сарапшысы Динара Есендиярова үстел теннисінен турнирде 2 орын алды.
- Ғылым мен инновацияны дамыту департаментінің маманы Жұлдыз Жунусова шахматтан күміс жүлдегер атанды.
- Бас директордың ғылым және оқыту жөніндегі орынбасары Жандос Шарипов шахматтан 3 орын алды.
Спартакиаданы өткізу «QazaqGaz» ҰК» АҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, топтық рухты нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етті.