Баспасөз орталығы
QazaqGaz компаниялар тобында «Жаңа технологиялар мен инновациялар орталығы» цифрлық платформасы іске қосылды
QazaqGaz компаниялар тобында «Жаңа технологиялар мен инновациялар орталығы» цифрлық платформасы енгізілді. Бұл платформаны QazaqGaz компаниялар тобы үшін «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС әзірледі. Платформа жаңа техника, технологиялар, материалдар мен жабдықтарды енгізу бойынша ұсыныстарды қабылдауға және іздеуге арналған.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және https://cnti.qgrnd.kz/ мекенжайы арқылы қолжетімді платформа, ұсынылатын технологиялық шешімдер бойынша материалдарды шоғырландыруға, инновацияларды енгізу үдерісін, соның ішінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу арқылы жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, талдау үшін бірыңғай деректер базасы қалыптастырылады.

Ресми веб-ресурс отандық және шетелдік жеткізушілер мен технология құқық иелерінен жаңа техника түрлері мен инновациялар бойынша өтінімдерді қабылдауға және қарастыруға арналған. Платформа сондай-ақ, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізуге берілген өтінімдерді енгізу және QazaqGaz компаниялар тобында кеңінен тарату (тираждау) мақсатында мониторингтеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Цифрлық платформа өтініштерді қабылдау және өңдеудің бірыңғай тәртібін ұйымдастыруға, өтінімдерді қарастырудың барлық кезеңдеріне онлайн-мониторинг жасап, сынақ нәтижелерін объективті бақылауға көмектеседі.

«QazaqGaz цифрлық платформасын енгізу – өндірістік тиімділікті арттыруға, новаторлықты дамытуға, заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдарын енгізу арқылы озық технологияларды трансферлеуге бағытталған тағы бір қадам», – деп атап өтті «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов.

Цифрлық платформаны енгізу жеткізушілермен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға және QazaqGaz компаниялар тобындағы өндірістік үдерістерді жетілдіруге бағытталған.