Баспасөз орталығы
QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығының оқыту іс-шаралары аясында компаниялар тобының қызметкерлері үшін кезекті тренинг өтті
15 қарашада QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы "QazaqGaz" ҰК "АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін кезекті тренинг ұйымдастырды.

«QazaqGaz ҒТО» ЖШС ғылым мен инновацияларды дамыту департаментінің директоры Саят Балмакаев «Тиімді презентациялар» тақырыбында кіріспе тренинг өткізді. Оның аясында, қатысушылар дайындықтың базалық қағидаттарымен және әдістерімен, құрылыммен және негізгі бағдарламалармен танысты, сондай-ақ өткен материалды практикалық жаттығулармен бекітті.

Тренинг «QazaqGaz ҒТО» ЖШС базасында ұйымдастырылатын білім беру іс-шараларының тұрақты цикліне енді. Бұл цикл қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және "QazaqGaz" ҰК "АҚ компаниялар тобының мамандары арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.