«QazaqGaz ҒТО» ЖШС техникалық саясатты және стандарттауды дамыту бөлімінің мамандары Исаев Ғазиз және Алексей Самарский реттеу саясатының мақсаттары, халықаралық реттеудің негізгі тенденциялары мен құралдары туралы айтып, «Реттеу саясаты» тақырыбында интерактивті тренинг өткізді.
Тренинг «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының мамандары арасында біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында «QazaqGaz ҒТО» ЖШС базасында өткізілетін оқыту іс-шараларының тұрақты циклының бөлігі болды.