Оқытудың салтанатты ашылуында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов, сондай-ақ Eni-дің Қазақстандағы басшысы Seger Hoijtink құттықтау сөзін сөйледі.
Бағдарламаның мақсаты - стратегиялық бастамаларды қолдаудағы жобалардың рөлін түсінуді тереңдету. Қатысушылар тәуекелдерді басқару негіздерін, сондай-ақ жобаларды сәтті іске асыру үшін қажетті негізгі процестерді игерді.
Курс ресурстарды басқару мен бағдарламаларды тиімді іске асыру арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Оқытуды ENI Корпоративтік университетінің халықаралық сарапшылары мен білікті жаттықтырушылары жүргізеді, бұл білім беру процесінің жоғары деңгейін және білімді тиімді беруді қамтамасыз етеді. Курс соңында барлық қатысушылар Eni Corporate University-дің халықаралықстандарттағы сертификаттарын алды.
Болашақта Eni компаниясымен бірлесіп, «Геологиялық барлау жұмыстарының реттілігі және тәуекелдерді бағалау» практикалық курсын, сондай-ақ «Активтердің тұтастығын басқару жүйесі» курсын өткізу жоспарлануда. Білім беру бағдарламасы шеңберінде QazaqGaz компаниялар тобының 60-тан астам қызметкері қатысады.
Оқыту QazaqGaz және Eni еншілес компаниясы – Agip Caspian Sea арасында 2024 жылғы 18-19 қаңтарда қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісімнің бөлігі болды. Келісім газ саласындағы, оның ішінде QazaqGaz қызметкерлерін оқыту және тағылымдамадан өткізу есебінен ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға және технологияларды дамытуға бағытталған.