Бес күндік курс барысында мамандар сенімділікті талдау (RAM), тәуекелге негізделген техникалық қызмет көрсету (RCM, RBI), сондай-ақ құбырлар мен ұңғымалардың тұтастығын қамтамасыз ету әдістерін қоса алғанда, активтердің тұтастығын басқарудың негізгі түсініктерін үйренді. Жабдықтардың жұмысын жақсарту және тәуекелдерді азайту бойынша практикалық жаттығуларға ерекше назар аударылды.
Бағдарлама QazaqGaz мамандарының біліктілігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Алынған білім қызметкерлерге өндірістік процестердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттырудың озық тәжірибелерін іске асыруға ықпал етеді.
Тренинг QazaqGaz және Eni еншілес кәсіпорны Agip Caspian Sea арасында 2024 жылғы 18-19 қаңтарда қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында ұйымдастырылды. Келісім ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға және газ саласындағы технологияларды дамытуға, соның ішінде QazaqGaz қызметкерлерін оқыту мен тағылымдамадан өтуге бағытталған.