QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы KIOGE 2024 мұнай-газ көрмесі мен конференциясына белсенді қатысты
«QazaqGaz» ҒТО» ЖШС бас директоры
Мейір Шералы метанды игеру мәселелері бойынша" KIOGE халықаралық көрмесіне қатысты. Ол «Декарбонизация және деметанизация; мұнай-газ саласындағы технологиялық жетістіктер" панельдік сессиясында сөз сөйледі. Айта кетейік, Қазақстан көмір қоры бойынша көшбасшы елдердің ондығында және коммерциялық ауқымда метан өндіру үшін өте үлкен әлеуетке ие.
Қазақстанда көмір қабаттарынан метан өндіруді ынталандыру үшін МУП өндіретін жетекші елдердің мысалында игерудің оңтайлы әдістерін зерделеу және іріктеу қажет.
Конференция аясында "QAZAQGAZ ҒТО" ЖШС қызметкерлері бас директордың ғылым және оқыту жөніндегі орынбасары Жандос Шарипов пен геология және кен орындарын игеру департаментінің директоры Айнұр Жансеркеева өздерінің техникалық баяндамаларын ұсынды. Баяндамашылар екі бағыт бойынша нәтижелер мен тәжірибелерімен бөлісті:
- Геологиялық-геофизикалық және кәсіпшілік деректердің бірыңғай цифрлық платформасы;
- Қазақстанда газды жерасты сақтаудың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары.
Геологиялық тәуекелдерді азайту және геологиялық деректерді басқару upstream саласындағы негізгі факторлар болып табылады. Баяндамалар аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, газды сақтаудың белсенді көлемінің әлеуетін арттыру және көмірсутек шикізатының ресурстық базасын ұлғайту бойынша компанияның инновациялық тәсілін көрсетті.