В 2023 жылы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Satbayev Университетінің Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, сондай-ақ ҚБТУ энергетика және мұнай-газ саласы факультетінің студенттеріне атаулы стипендиялар тағайындады. Арнайы байқау жарияланып, оған 110 астам өтінім келіп түсті. Өтінімдерді қарастыру кезінде білім алушының орташа балы, қоғамдық және ғылыми қызметке қатысуы ескерілді. Әлеуметтік осал санаттағы студенттерге ерекше назар аударылды.
28 тамызда 2023 жылы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов компанияның бас офисінде атаулы стипендия иегерлерімен кездесу өткізді. Кездесу шеңберінде ол студенттерді құттықтап, өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге оқу жылының сәтті өтуін тіледі.
«Біз үшін отандық газ өнеркәсібі жоғары білікті кадрлармен толықтырылғаны маңызды. Сондықтан біз олардың академиялық жетістіктерін қолдау үшін ең жақсы студенттерді таңдадық. QazaqGaz атаулы стипендиясы Қазақстандағы бакалавриат студенттері үшін ең үлкен стипендия екендігін атап өту қажет», – деді Ұлттық компания басшысы.
Іріктеу конкурсының және өткізілген сұхбаттың нәтижелері бойынша комиссия 2023-2024 оқу жылына 12 студентті таңдады.
Satbayev University
КБТУ