ЖООмен жұмыс
Дуалды оқытуды енгізу және сүйемелдеу

Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық аясында QazaqGaz Ұлттық компаниясының Ғылыми-техникалық зерттеу орталығы (ҒТЗО) 3–4 курс студенттеріне арналған дуалды оқыту жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба студенттердің QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік нысандарында тәжірибеден өтуін көздейді. Жобаның мақсаты – өндірістік үдерісті және кен орындарындағы еңбек жағдайларын тереңдетіп зерттеу арқылы студенттерге нақты ортада құнды тәжірибе беру.

Жоба аясында студенттерге жайлы оқыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады. Тәжірибе барысында әрбір студентке тәлімгер бекітіліп, бұл жұмыс процесінің ерекшеліктерін терең меңгеруге және өндірістік ортаға тиімді бейімделуге мүмкіндік береді. Студенттер вахталық әдістің ерекшеліктерімен, вахталық жатақхана және асхана жағдайларымен, сондай-ақ вахта ауысымы кезіндегі жұмыс үдерісінің ұйымдастырылуымен танысады.

Компанияның Ғылыми-техникалық орталығы студенттерді іріктеу процесін белсенді ұйымдастырып, оқу орны, студент және еншілес компания арасында үшжақты шарттар жасасуды жүзеге асырады. Бұл – саланың ерекшеліктеріне бейімделген, жоғары білікті мамандарды даярлаудағы маңызды қадам.

2023–2024 оқу жылында Шахтинск технологиялық колледжінің алты студенті «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қарағанды өндірістік басқармасында дуалды оқудан өтті. Сонымен қатар, Қазақстан-Британ техникалық университетінің үш студенті «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС-де тәжірибеден өтті. Оқу барысында студенттер теориялық біліммен қатар, нақты өндіріс жағдайында практикалық тәжірибе жинақтады.