QazaqGaz Ұлттық компаниясының Ғылыми-техникалық зерттеу орталығы жанындағы ЖОО-лармен жұмыс бөлімі студенттер үшін QazaqGaz еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік қызметімен таныстыруға бағытталған мотивациялық кездесулер циклін ұйымдастырды. Кездесулер барысында студенттер компаниялардың тарихымен, олардың жетістіктерімен және алдыңғы қатарлы тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Әсіресе, газ саласының ардагерлерімен әңгімелерге ерекше көңіл бөлінді. Олар өздерінің мол тәжірибесімен бөлісіп, газ саласында жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, студенттер инженерлік мансапты құру және газ өнеркәсібінде кәсіби дамуға қатысты құнды кеңестер алды. Кездесу бағдарламасына инженер мамандықтарының өзектілігі мен маңыздылығын айқындайтын дәрістер кірді. Лекторлар студенттерді білімін тереңдетуге және өз күшіне сенімді болуға шабыттандырды. Бұл олардың болашақтағы мансап жолында табысқа жетуіне көмектеседі.
Студенттер компания бөлімшелерінің негізгі міндеттерімен танысып, алған білімдерін өзін-өзі дамыту мен табысты жұмысқа орналасу жолында қалай қолдануға болатынын түсінді.
Іс-шара студенттердің газ өнеркәсібінің ерекшелігі мен келешегі туралы түсінігін кеңейтуге, сондай-ақ кәсіби биіктерге жетуге деген ынтасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
2024 жылы мотивациялық кездесулер «Интергаз Орталық Азия» АҚ Алматы өндірістік басқармасында және «КазРосГаз» ЖШС-де өткізілді.