Баспасөз орталығы
QazaqGaz ҒТО жас мамандарға арналған тағылымдама бағдарламасын іске қосты
«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған тағылымдама бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама жас мамандарға алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтауға және Қазақстанның газ саласындағы ұйымдардың қызметімен танысуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға, компания қызметінің негізгі бағыттарымен танысуға және тәжірибелі мамандардың қолдауына ие болуға мүмкіндік алады.

Тағылымдама мерзімі - бір ай. Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және жоғары оқу орнын аяқтағанына бір жылдан аспаған түлектер қатыса алады. Іріктеу кезеңдері онлайн өтінім беруді, тестілеуді және сұхбаттасуды қамтиды.

Ең әлеуетті қатысушылар үшін бұл бағдарлама компанияға кейіннен жұмысқа орналасуға жасалған алғашқы қадам болуы мүмкін.

Өтінім беріп, қатысу шарттарымен QazaqGaz ҒТО ресми сайтында танысуға болады.